Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына өзгерістер енгізу туралы

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Қ. Жұмағалиевпен 2018 жылғы 19 қарашада Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілді. 

Жоғарыда көрсетілген Жол картасын іске асыру нәтижесінде зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтер толығымен электрондық форматқа ауыстырылды.

Жол картасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер енгізу, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ҰЗМИ ААЖ) және «электрондық үкімет» порталын (бұдан әрі – портал) түрлендіру, оңтайландырылған бизнес-процесті іске қосу және аталған жаңалықтарды іске асырумен жұртшылықты таныстыру көзделген.

2019 жылғы 22 сәуірде ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 382 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен бекітілген зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына өзгерістер енгізілді.

ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 455 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 1510 бұйрығымен бекітілген зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттеріне өзгерістер енгізілді.

Бұдан басқа, порталмен өзара іс-қимыл бөлігінде ҰЗМИ ААЖ бизнес-процестерін оңтайландыру бойынша барлық қажетті техникалық жұмыстар аяқталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін толық автоматтандыру туралы тиісті ақпарат 2019 жылғы 8 тамызда ҚР ӘМ www.adilet.gov.kz сайтында 2019 жылғы 2 тамызда ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.

Зияткерлік меншік саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алу үшін ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК-ның Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 3Б ғимараты мекенжайында орналасқан +7(7172)62-15-15, 62-15-16 байланыс телефондарына хабарласу қажет.

Сілтемелер:  http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019038

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019349