Национальный институт интеллектуальной собственности
Осы жылдың 14-15 қарашасында Жасыл технологиялардың: таза болашақты құру атты I Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының экологиялық ұйымдары қауымдастыгының қолдауымен, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ұйымдастырды.
Конфереция жұмысы аясында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, Неміс энергетикалық агенттігімен бірлесіп «Жасыл технологияларды коммерцияландырудың тиімді жүйесін дамыту» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК атынан Гульдана Ильясова «Қазақстан Республикасында жасыл технологияларды патенттеу» тақырыбына есеп берді. Сөз сөйлеу барысында Г. Ильясова жасыл технологияларды патенттеуде өнертапқыштарды қолдау құралдары туралы айтты:
Сонымен қатар, Г. Ильясова дөңгелек үстелге қатысушыларды ДЗМҰ мәліметтері негізінде Қазақстандағы және әлемдегі баламалы энергетика бойынша патенттер статистикасын талдауды қоса алғанда, жасыл технологияларды патенттеу үрдістерімен таныстырды.