News

National Institute of Intellectual Property

Жасыл технологиялардың: таза болашақты құру атты I Халықаралық конференциясы өтті

15 November, 2019

Осы жылдың 14-15 қарашасында Жасыл технологиялардың: таза болашақты құру атты I Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының экологиялық ұйымдары қауымдастыгының қолдауымен, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ұйымдастырды.

Конфереция жұмысы аясында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, Неміс энергетикалық агенттігімен бірлесіп «Жасыл технологияларды коммерцияландырудың тиімді жүйесін дамыту» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК атынан Гульдана Ильясова «Қазақстан Республикасында жасыл технологияларды патенттеу» тақырыбына есеп берді. Сөз сөйлеу барысында Г. Ильясова жасыл технологияларды патенттеуде өнертапқыштарды қолдау құралдары туралы айтты:

  • жеделдетілген сараптама рәсімін пайдалану мүмкіндігі;
  • «ҰЗМИ» РМК сайтында «Жасыл технологиялар» арнайы іздеу жүргізу бөлімі мүмкіндігі, ондаэнергетикалық және табиғат қорғау технологиялары саласында 3 мыңнан астам патенторналастырылған;
  • ДЗМҰ WIPO Green өз жобаларын немесе технологияларды және/немесе серіктестерді іздеумүмкіндігі. WIPO GREEN инновацияларды ынталандыру және жасыл технологияларды таратумақсатында жеткізушілерді және экологиялық таза технологияларды іздегендерді қосу арқылыклиматтың өзгеру проблемасын шешу бойынша жаhaндық күш-жігерді қолдайды. Қазіргіуақытта WIPO Green-де Қазақстанның 12 жобасы орналастырылды. («НАТР» АҚ, «КЦИЭ»АҚ);
  • Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының аумағындағы«ҰЗМИ» РМК Фронт-кеңсесінде консультациялық қызметтерді алу мүмкіндігі.

Сонымен қатар, Г. Ильясова дөңгелек үстелге қатысушыларды ДЗМҰ мәліметтері негізінде Қазақстандағы және әлемдегі баламалы энергетика бойынша патенттер статистикасын талдауды қоса алғанда, жасыл технологияларды патенттеу үрдістерімен таныстырды.