Национальный институт интеллектуальной собственности
2011 жылдың 22 сәуірінде астаналық «Шабыт» шығармашылық сарайында жыл сайынғы «Шапағат-2011» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің VIII Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Аталған шара (ДЗМҰ құрған Конвенция 1970 ж. 26 сәуірде күшіне енді) жыл сайын мерекеленетін 26 сәуір Халықаралық зияткерлік меншік күніне орайластырылған.
«Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық конкурсының жыл сайынғы өткізілуі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 77/1, Индустрия және сауда Министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 74 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген «Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық конкурсын өткізу Ережелеріне» сәйкес қатысушылардың еңбектері келесі критерийлар бойынша іріктеуден өтті:
- «Жылдың өнертабысы» номинациясы (өнеркәсіптің жеке салалары бойынша ең тиімді өнерабыстар іріктелініп алынды)- жоғары техникалық деңгей, бәсекеге қабілеттілік, өнертабысты пайдалану барысында ғылыми- техникалық және әлеуметтік маңызының, экономикалық тиімділігінің болуы;
- «Өнертапқыш- әйел» номинациясы (өнертапқыш әйелдер іріктелініп алынды) - жоғары техникалық деңгей, бәсекеге қабілеттілік, өнертабысты пайдалану барысында ғылыми-техникалық және әлеуметтік маңызының, экономикалық тиімділігінің болуы;
- «Ең жас өнертапқыш» номинациясы (18 жас пен 29 жас аралығындағы жас өнертапқыштар арасындағы үміткерлер) – жоғары техникалық деңгей, бәсекеге қабілеттілік, өнертабысты пайдалану барысында ғылыми- техникалық және әлеуметтік маңызының, экономикалық тиімділігінің болуы;
- «Ең белсенді өнертапқыш» номинациясы (өнертабыстарға ең көп инновациялық патенттер мен патенттер алған үміткер) - жоғары техникалық деңгей, бәсекеге қабілеттілік, өнертабысты пайдалану барысында ғылыми- техникалық және әлеуметтік маңызының, экономикалық тиімділігінің болуы;
- «Жас дарын» номинациясына ғылыми-зерттеу жұмыстары перспективті зерттемелерге жататын және түпнұсқалық критерийлеріне жауап беретін 14 жас пен 18 жас аралығындағы студенттер мен оқушылар арасынан үміткерлер қатысты. Сонымен қатар аталған номинацияға инновациялы патенттермен немесе патенттермен қорғалмаған ғылыми жұмыстардың да қатысуына мүмкіндіктер берілді.
- Жоғарыда аталған Ережеге сәйкес байқауға 2010 жылы берілген және жарияланған өнертабыстарға берілген күші бар инновациялық патенттер мен патенттері бар ұлттық өтінім берушілер қатысты.
2011 жылдың 5-6 сәуірінде «ҰЗМИ» РМҚК конференц- залында байқау комиссиясы жеңімпаздардың аттарын анықтады.
Комиссия келесі номинациялар бойынша ұсынылған байқауға қатысуға жіберілген барлығы 174 өтінімді қарады:
Жылдың өнертабысы – 98, ең жас өнертапқыш- 9, әйел - өнертапқыш – 33, ең белсенді өнертапқыш – 24, жас дарын – 10, ер - өнертапқыш – 0.
Биылғы байқау комиссиясының құрамында әділет, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері және ҚазАгроИнновация өкілдері болды. Комиссия байқауға жіберілген әрбір өтінімді мұқият және мейілінше әділ қарап, талдау жасады.
Комиссия мүшелерінің шешімімен келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:
1) «Жылдың өнертабысы» - Харченко Виталий Кириллович, атауы: «Аяқ бастарының ортопедиялық аппараты»,
2) «Жылдың өнертабысы» - Салгарин Алмат Койшыгара-улы, атауы: «Автомобильдің жылдам жүрісінің қауіпсіздігін арттыру тәсілі»,
3) «Жылдың өнертабысы» - Двуреченский Валентин Иванович, атауы: «Топырақты жыртпай өңдеуге арналған түрен»;
4) «Өнертапқыш - әйел» - Идрисова Ульбосун Ротаевна, атауы: «Жер қыртысын мұнай мен мұнай өнімдерінен тазалау тәсілі»;
5) «Өнертапқыш - әйел» - Каримова Люция Монировна, атауы: «Мыс ұнтағын алу тәсілі»;
6) «Ең белсенді өнертапқыш» - Нукешев Саяхат Оразович, ауылшаруашылық машина жасау саласына қатысты 9 өнертабыс;
7) «Ең жас өнертапқыш» - Табынов Кайрат Казыбаевич, вакциналар алу үшін биотехнология және ветеринарлық вирусология саласындағы өнертабыс;
8) «Жас талант» - Кабитова Асель, атауы: «СОФМАЙЯ» қышқыл сүт сусынын алу тәсілі»;
Сонымен қатар жеңімпаз болмаса да еңбектері ерекше атап өтуге лайық деп танылған Қазақстанның инновациялық дамуына үлес қосқандары үшін 5 қатысушыға Диплом тағайындалды, диплом иелері:
1) Щебентовский Владимир Дмитриевич, Ким Василий Анатольевич, атауы: Кристаллды кремнийді балқытуға арналған тотықсыздандырғыш КАРБОНИЗАТ «РЕКСИЛ»;
2) ҚР БҒМ Ғылым комитеті РМК «Биологиялық қауіпсіздік ғылыми- зерттеу институты» ЕМК, атауы: «Адамның кіндік/кағанақ қанынан және сүйек миының мононуклеарлы бөлігінен гемопоэтикалық діңгекті торшаларды бөліп алу мен өсіру тәсілі»;
3) Кухар Елена Владимировна, атауы: «Trichophyton verrucosum полисахаридті антигеніне телімді моноклоналды антиденелерді алуға пайдаланатын MUS MUSCULUS L - жануарлардың гибридті жасушалар штаммы»;
4) Чердабаев Магауия Тажигариевич, Өрекешев Серік Сәрсенұлы және Султанов Байрак Закиевич, атауы: «Құмы көп мұнайды өндіру тәсілі және оны жүзеге асыруға арналған құрылғы»;
5) Базмухаметова Анар Миратовна, атауы: «БЕЙБАРЫС-1» гидрофицирленген құрылғысы»
Сонымен бірге Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай қазақстандық өнертапқыштар үшін жеті марапат және құрмет грамоталарын тағайындады:
1) Ең жас өнертапқышқа арналған ДЗМҰ марапаты» - Абишева Зинеш Садыровна, атауы: «Ренийі, осмийі және органигі бар жабысқақ, шайырлы өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеу тәсілі»;
2) «Ең үздік өнертапқышқа арналған ДЗМҰ марапаты» - Латыпов Авис Самигуллинович, кен ісі саласындағы 10 өнертабыс;
3) «Ең үздік өнертапқышқа арналған ДЗМҰ марапаты» - Болманов Кыдырали Нуртаевич, отандық ойыншықтар жинақтамасы үшін;
4) «Ең үздік өнертапқышқа арналған ДЗМҰ марапаты» - Шиликбаев Серик Кадырович, атауы: «Ғимаратты ыстық сумен жабдықтау және жылыту жүйелерінің құбыр жолдарында ағынды сұйықтықты ысыту тәсілі»;
5) «Үздік өнертапқыш - әйелге арналған ДЗМҰ марапаты» - Михайловская Татьяна Петровна, атауы: «Изониазид алу тәсілі»;
6) «Үздік жас өнертапқышқа арналған ДЗМҰ марапаты» - Асматулаев Нурсултан Борисович, атауы: «Асфальтбетонды жабынды қалпына келтіру тәсілі»;
7) «Жас дарынға арналған ДЗМҰ марапаты» - Абилова Жамиля, атауы: «Жыңғылдың биологиялық белсенді ұзақшаларын зерттеу»;
Сондай-ақ Еуразиялық патенттік ұйымның В.И.Блинников атындағы «Өнертапқыштық және петент ісіне қосқан үлесі үшін» алтын медалі 980 ғылыми жұмыстар мен ғылыми- әдістемелік, ғылыми- танымал еңбектердің, сонымен қатар 22 монография, оқулықтар, оқу құралдарының авторы Баешов Абдуалиға берілді.
Марапаттау салтанатының алдында Әділет министрінің орынбасары А.Т.Аманбаевтің, Еуразиялық патенттік ұйымның Президенті А.Н.Григорьевтің, ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Төрайымы Л.С.Стамбекованың, ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК директоры С.Е.Бекеновтің, ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК директорының бірінші орынбасары Н.Н.Сахипованың, «ҰЗМИ» РМҚК Алматы қ. филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік ізденістер қызметінің жетекшісі И.И.Никитинаның және бұқаралық ақпарат құралдарының («Хабар», «Казахстан», «7 канал» (2 бағдарлама), «Астана», «СТВ», «НТК», МТРК «МИР» телекомпаниялары, «Литер», «Айкын», «Казахстанская правда», «Вечерняя Астана», «Юридическая газета», «Зан», «Инфоцесс», «Дала мен Кала», «Страна и мир», «Око», «Алаш айнасы» республикалық газеттері мен «Казинформ» www.knews.kz, www.zakon.kz, www.100storon.ru ақпараттық агенттіктері) өкілдерінің қатысуымен баспасөз- конференциясы өтті.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының «Болашақты жоспарлай» ұраны аясында «Шабыт» шығармашылық сарайының фойесінде өнертабыстар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ТОО «ZEREKON», «Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Астана медициналық университеті» АҚ, «ҚР Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК, ҚР ДСМ "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Қазақстан кондитерлер ассоциациясы» ЗТБ, «Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институты» ЖШС, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ, ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Биологилық қауіпсіздік ғылыми- зерттеу институты» ЕМК, «НҰР» жаңа технологияларды енгізу клубы» ЖШС және т.б. еңбектерін ұсынды. Ұсынылған еңбектер қонақтардың, келушілердің, журналистердің жоғары қызығушылықтарын тудырды. Өнертапқыштар республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жүргізген сұхбаттар аясында өз өнертабыстары туралы айту мүмкіндіктері не ие болды.
Осы шараны өткізудегі негізгі мақсат елдің индустриалдық-экономикалық дамуындағы өнертабыстық қызметтің рөлін арттыру және насихаттау, сонымен қатар аталған салаға инвестицияны тартуға және өндірістік секторға перспективті әзірлемелерді ендіруге жәрдемдесу.
Марапаттау салтанатында Әділет министрінің орынбасары А.Т.Аманбаев, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К.Әбдібеков, Еуразиялық патенттік ұйымның Президенті А.Н.Григорьев сөз сөйледі.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары К.МБурханов, Ш.А.Утемисов, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, прфессор, ҚР Халық әртісі А.К.Мұсаходжаева және ЕАПҰ Президенті А.Н.Григорьев, Тәжікстан Републикасы Экономика және сауда министрлігі Ұлттық патенттік-ақпараттық орталықтың Директоры Н.Б. Негматуллаева, сонымен қатар Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Украина, Беларусия, Өзбекстан, Грузия патенттік ведомстволарының өкілдері марапаттау салтанатының құрметті қонақтары болды.
Марапаттау салтанатына халықаралық патенттік ұйымдардың өкілдерінің қатысуы байқаудың мемлекеттің экономикасындағы инновациялық үдерістердегі маңызын білдіреді және жылдан жылға біздің отандастарымыздың өнертапқыштық белсенділігін қолдайтындықтарын айғақтайды.
Аталған шараның ұйымдастырушылары өздерінің зерттемелерімен және жаңалықтарымен 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік-инновациялық дамуының мемлекеттік Стратегиясын іске асыруға мүмкіндік туғызып отырған отандық өнертапқыштарға басты жүлде «Шапағат» статуэткасын, сонымен қатар дипломдар мен қаржылай жүлделер табыс етті.
Осы жылы «Компания ФудМастер-Айс Крим» ЖШС бас демеушілік жасады, сонымен бірге «ГЕОМ» ЖШС, Бюро ПЛИС, «БМФ Груп» ЖШС қолдау көрсетті.
Салтанатты кеш қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік кешпен аяқталды.
Марапаттау кешінің өткізілуі туралы ақпараттар «Хабар», «7 канал», «Другими словами» бағдарламасы, «СТВ», «Казахстан», МТРК «МИР» телекомпанияларының жаңалықтар топтамасында көрсетілді. Сондай- ақ «Литер», «Айкын» күнделікті қоғамдық- саяси газеттерінде, «Казахстанская правда» республикалық күнделікті газетте, «Казинформ», www.knews.kz, www.zakon.kz, www.100storon.ru және т.б. ақпараттық агенттіктерінде жарияланды.