Национальный институт интеллектуальной собственности
2013 жылғы 24 мамырда Астанада VI Астанаэкономикалықфорумышеңберінде «ЗияткерлікменшіктіИнтернетжүйесіндеқорғау: күрделімәселелерменкелешегі» тақырыбыбойыншапанельдіксессиясыөткізіледі.
Аталған іс-шараға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ), Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК), Орталық және Шығыс Еуропаның авторлық құқық одағының (CEECA), Майкрософт Корпорациясының Еуропалық бөлімінің, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік зияткерлік меншік ведомствосының (SIPO) өкілдері, ТМД елдерінің мемлекеттік органдары мен патенттік ведомстволарының басшылары, сондай-ақ авторлар мен құқық иелері қатысады.
Зияткерлік меншік және IT-технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар баяндама жасайды. Сөйтіп, «Интернет технологиялары дәуірінде авторлық құқықтың келешегі мен мәселелері» тақырыбында Орталық және Шығыс Еуропаның авторлық құқық одағының (CEECA) төрағасы Михали Фишердің баяндамасы күтілуде.
Панельдік сессияның мақсаты – халықаралық сарапшылар деңгейінде Интернет саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы қылмыстарға қарсы күрес жөнінде ұсыныстар жасау.
Панельдік сессияның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Имашевтің, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Ауысымды экономикасы бар елдер және дамыған мемлекеттер жөніндегі департаменті Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа бөлім басшысының м.а. Сәуле Тілеулесованың, Орталық және Шығыс Еуропаның авторлық құқық одағының (CEECA) төрағасы Михали Фишердің қатысуымен пресс-конференция өткізіледі.
Өткізуорны: Астанақ., Тәуелсіздікдаңғ., 52, «Тәуелсіздіксарайы»
Панельдік сессияның басталуы: 9.30
Пресс-конференцияның басталуы: сағ. 16.00
БАҚ үшін тіркелу: сағ. 9.00 және сағ. 15.45
Аталған іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері 2013 жылғы 23 мамыр күні сағ. 18.30-ға дейін келесі байланыс желілері арқылы аккредиттелуі қажет:
тел: 8 (7172) 74-06-21;
ұ.т.: 8 701 224 35 85;
эл. адрес: tyremuratova.a@minjust.kz