Национальный институт интеллектуальной собственности
2013 жылғы 8 мамырда «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 469 қаулысы қабылданды (бұдан әрі – қаулы).
Қаулы қонақ үйлердің, санаторийлердің, демалыс үйлерінің және пансионаттардың төлейтін сыйақысының ең төменгі ставкаларына сыйақы ставкаларын қолданылатын техникалық құралдардың саны бойынша (бір шаршы метрге бір техникалық құрал) есептеу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді және ол жоғарыда көрсетілген сыйақы ставкасын реттеуге, айқындауға және азайтуға бағытталған.
Қабылданған өзгерістер қонақ үй бизнесін дамытуға бағытталған. Өз кезегінде орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін барабар сыйақы Қазақстан Республикасындағы мәдениетті дамытуға ынталандырады.
Қаулының 2 тармағына сәйкес ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.