Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Қызылорда облыстық Әділет департаментінің облыс құқық органдарымен байланысы нығаюда

05 июля, 2013

Қызылорда облыстық Әділет департаменті ішкі істер және экономикалық және қаржы полициясы органдарымен бірлесіп, тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, әр ай сайын тексерулер өткізеді.

Сөйтіп, әділет және құқық қорғау органдары бірігіп жүргізген тексерулер бойынша осы жылдың 5 айында23 біріккен тексерулер ұйымдастырылып, оның 16-нан құқық бұзушылықтар анықталды, (ҚР Қылмыстық кодексінің 184 бабымен қаржы полициясымен-10, ішкі істер органдарымен-6) 15 қылмыстық іс қозғалды және 1 әкімшілік істі қозғаудан бас тартты. Нәтижесінде, жалпы сомасы 1 859 000 теңгеге тең 9295 дана контрафактілік өнімдер алынды.

Әділет департаментіне «ИнфоСофтПром» ЖШС-ның арызы келіп түсті. Соның негізінде «IQ» (Ай Кью) Оқу-консалтинг орталығы ЖШС-не тексеру жүргізіліп, серіктестіктің «1С: Предприятия 8.2» және «Microsoft Windows XP Professional 2008 SP3», «Microsoft Windows XP Professional 2002 SP3» компьютерлік бағдарламаларын заңсыз пайдаланып отырғаны анықталды. Нәтижесінде, құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жолданды.

2013 жылғы наурыздың 18-і мен сәуірдің 8-і аралығында Қызылорда облыстық Әділет департаменті «Халық»газеті» ЖШС-не тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған іс материалдары Қызылорда қаласының мамандандырылған Әкімшілік сотымен қаралды.

А.ж. 25 сәуірде шығарылған сот қаулысына сәйкес айғақ зат (2-дана жүйелі блок) тәркіленіп, құқық бұзушы «Халық»газеті» ЖШС–не 100 (жүз) АЕК көлемінде (173 100 теңге) айыппұл салынды.

2013 жылғы 16 мамырда Қызылорда облыстық Әділет департаментінің Шиелі аудандық әділет басқармасы мен қаржы полициясы органдарының қызметкерлері бірлесіп, «Алтай» компьютерлік клубын тексеру нәтижесінде азаматша А.Бакироваға қатысты құқық бұзушылық анықталып, 4 дана компьютерлік жүйелі блоктар алынып, сот сараптамасына жолданған.

2013 жылғы 20 мамырда Қызылорда облыстық Әділет департаменті қаржы полициясы органдарымен бірлескен тексеру жүргізіп, нәтижесінде «МЧ» ЖШС-нің ауласында орналасқан контейнердің ішінен лицензиялық сапаға сәйкес келмейтін 18 196 (он сегіз мың бір жүз тоқсан алты) дана арақ шүлмегі анықталды.