Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Оңтүстік Қазақстан облысында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні

05 июля, 2013

26 сәуір Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні, осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті «Шығармашылық – келесі ұрпақ» тақырыбында Шымкент, Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында және Шардара, Ордабасы, Түлкібас, Төлеби, Сайрам аудандарында жергілікті аудан әкімдіктерімен, оқу орындарымен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп, өнер көрмелерін, ашық есік күнін, азаматтарға қабылдау, үгіт-насихат шараларын және акциялар өткізді.