Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Әділет органдары авторлардың құқығын қорғауда

05 июля, 2013

Әділет органдары авторлардың құқығын қорғауда

ҚР ӘМ ЗМҚК бас сарапшы
Ұлан Нұрымов

Аумақтық әділет органдары 2011 жылғы 10 ақпанға дейін «ASTANA» экшн-фильмдердің Халықаралық кинофестиваль президенті, режиссер Т.Бекмамбетовтың «Ёлки» атты дыбыстау-бейнелеу туындының авторлық құқықтарын бұзу туралы өтініш бойынша құқық қорғау органдармен бірігіп авторлық құқық саласындағы заңнаманы сақтауы нысанына 60 тексеру жүргізді. Жүргізілген тексерулер барысында 28 құқық бұзушылық фактілері анықталып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (әрі қарай - ӘҚБтК) 129-бабының 1-тармағы бойынша 16 әкімшілік іс қозғалды, 12 тексеріс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Заңсыз айналымнан 11 721 дана контрафактілі өнімдер, оның ішінде 128 дана «Ёлки» атты дыбыстау-бейнелеу туындысы алынды.
Айталық мысал ретінде, Қарағанды облысының Әділет Департаменті Ішкі істер департаментімен бірігіп, дыбыстау-бейнелеу туындыларын заңсыз сату фактілерінің жолын кесу бойынша 26 жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Іс-шара жүргізу барысында заңсыз айналымнан 3 837 дана DVD таспалары алынды. Қазіргі күні жүргізілген тексерулер материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін областың ІІД-де жатыр.

Алматы қаласының Әділет департаментімен контрафактілік дыбыстау-бейнелеу өнімдерді сату фактілері бойынша Алматы қаласының базарларында дыбыстау-бейнелеу өнімдерін заңсыз сататын 5 жеке тұлғаның қызметіне тексеру жүргізілді. Тексеру іс-шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 3 957 дана DVD таспалары, оның ішінде 68 дана «Ёлки» атты дыбыстау-бейнелеу туындысы алынды.
Жүргізілген 3 тексеріс нәтижесінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 129 бабының 1-тармағына сәйкес 3 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Тексерулер құжаттары Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына қаралу үшін жолданды.
«Алматы-1» базарының аумағында 2 тексеру жүргізу барысында, құқық бұзушылар контрафактілі DVD-таспаларын тастап, белгісіз бағытта сату орыннан жасырынды. Осы өнімнің заңды иесі жоқ болуына байланысты, Алматы қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері контрафактілі өнімдерді иесіз деп тану және одан әрі жою үшін Бостандық ауданының сотына талап арыздар әзірледі.
Авторлардың құқықтарын бұзудың алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар әділет органдарымен тұрақты негізде жүргізіледі.