Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«Өсімдіктердің жаңа сорттарын халықаралық қорғау жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел

04 октября, 2013

2013 жылғы 24 қазандаҚазақстан Республикасы Әділет министрлігіЗияткерлік меншік құқығы комитеті «Өсімдіктердің жаңа сорттарын халықаралық қорғау жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Елдің инновациялық саясаты болашақ ұлттық сәйкестік, бәсекеге қабілеттілік, азаматтардың әл-ауқаты мен экономикалық өміршеңдік үшін іргетас ретінде қаралады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды бастау ииновацияларды дамыту үшін жаңа серпін берді.

Бағдарламада сыртқы нарықта жетекші орындарға шығу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі нарықтық қажеттілігін жабу және экспорт ресурстарын қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде өндірудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөнінде негізгі міндеттер белгіленген.

Агроөнеркәсіптік кешеннің индустриялық-инновациялық дамуына жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы қол жеткізілетін болады.

Экономиканың ауыл шаруашылығы саласын дамытудың негізгі факторларының бірі зияткерлік меншік саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасын Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) қосу мәселесі қарастырылуда.

Конвенцияның мүшесі болумен мемлекет халықаралық танылған және қолдау тапқан қағидалар негізінде селекционерлердің құқығын қорғау туралы өзінің ниетін білдіреді. Конвенция ұлттық селекционерлерге Одақтың басқа мүше-мемлекеттерінде құқықтық қорғауды алу және сол арқылы қаражатты және уақытты үнемдеу мүмкіндігін береді.

Қазіргі уақытта селекциялық жетістіктерді халықаралық және ұлттық патенттеудің жекелеген проблемалық мәселелері туындайды.

Бұдан басқа, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (ЕЕСҚ) елдерімен Кедендік одақ жүргізетін келіссөздер шеңберінде Ресей мен Беларусь мүшесі болып табылатын Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға Қазақстанның қосылуы туралы мәселе туындап отыр.

Жоғарыда аталған мәселелрді талқылау және сәйкес ұсыныстарды енгізу дөңгелек үстелдің мақсаты болып табылады.

Аталған іс-шараға ауыл шаруашылығы, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, білім беру және ғылым, сыртқы істер министрліктерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, холдингтердің, акционерлік қоғамдардың, ғылыми орталықтардың өкілдері және басқалары қатысады.

Женевада 1972 жылғы 10 қарашада, 1978 жылғы 23 қазанда және

1991 жылғы 19 наурызда қайта қаралған

1961 жылғы 2 желтоқсандағы

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЖАҢА СОРТТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯ

УПОВ деген не?