Национальный институт интеллектуальной собственности
Осы жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік жүйесіне 20 жыл болады. Зияткерлік меншік саласының қалыптасу жылдарында осы саладағы заңнаманы қалыптастыру мен жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды.
Сөйтіп, ТМД елдерінің арасында Қазақстан сәйкес заңдардың ішінде бірінші болып, жаңашылдық мәнге ие болды, себебі ол мемлекет халқының өнертапқыштық белсенділігін арттыруға бағытталған және өндірісте және қызмет көрсету саласында жаңа объектілер мен технологияларды белсенді пайдалану үшін жағдай жасады.
Қызмет ету кезеңінде Ұлттық патенттік жүйенің маңызды стратегиялық ресурсқа айналып, Қазақстан зияткерлік меншік саласындағы 30-ға жуық халықаралық Конвенциялардың, Шарттар мен Келісімдердің қатысушысы болып табылатынын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік жүйесінің 20-жылдық мерей тойы жоспарланып отырған Кавказ, Балтық, Орталық Азия, Орталық және Шығыс Еуропаның кейбір елдеріне арналған патенттік жүйедегі кейбір икемді мүмкіндіктерді қолдану мен пайдалану мәселесі жөнінде халықаралық семинардың шеңберінде өткізіледі. Семинар2013 жылғы 16-18 қазанарлығында «Оқжетпес» ЕСК АҚ негізінде, Бурабайда өтеді.
Семинарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (бұдан әрі – ДЗМҰ) бірлесіп өткізеді.
Халықаралық-құқықтық негізінің шеңберінде қолжетімді бір-бірімен байланысты патенттік қызметтер туралы білім деңгейін арттыру, ұлттық мүдделер мен артықшылықтарды назарға ала отырып, патенттердің икемділігін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік беретін сәйкес патенттік саясатты және заңдарды әзірлеуге дағдыларды дамыту, және патенттердің әмбебаптығын тиімді пайдаланудың шектеулерінен асып түсуге қатысты көзқарастармен алмасу семинардың мақсаттары болып табылады.
Семинарға қатысу үшін ДЗМҰ-ның, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ), Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ), Еуразиялық патенттік ұйымының (ЕАПҰ) өкілдері, сондай-ақ Кавказ, Балтық, Орталық Азия, Орталық және Шығыс Еуропаның кейбір елдерінің патенттік ведомстволарының, ЖОО-ның, экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы, білім беру және ғылым, денсаулық сақтау, сыртқы істер, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің және Қазақстан Республикасының басқа ведомстволарының өкілдері шақырылды.
Семинардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік жүйесінің 20-жылдығына орай мерекелік іс-шара өткізілетін болады. Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік саласының еңбек сіңірген қайраткерлеріне ерекше көңіл бөлінеді.