Национальный институт интеллектуальной собственности
А.ж. 27 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - комитет) аумақтық әділет органдарының зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімдері қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары, жазушылардың шығармашылық одағы, кіші және орта бизнес, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың (одан әрі - ұйымдар), «Қазақстанның ұлттық телерадиохабартаратушылар одағы» (одан әрі - ассоциация) ЗТҰ-ның өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша онлайн-бейнеконференция өткізді.
Осы бейнеконференцияның мақсаты Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекелестік индексі рейтингінің бірі болып табылатын зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүргізіп отырған жұмысы туралы жұртшылық назарына жеткізу болды.
Бейнеконференцияда Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекелестік индексі рейтингіндегі орнын жақсарту бойынша мемлекеттік органдардың қабылдап отырған шаралары, VII Астана экономикалық форумы шеңберінде өткізілетін «Антиконтрафакт» Халықаралық форумына дайындық барысы бойынша, сондай-ақ, атап айтқанда, кабелдік таратушы операторларының авторлық сыйақыны төлеу мәселелері талқыланды.
Комитет төрағасының орынбасары Ш.Т. Әбдіреева өз сөзінде әділет органдарының басым міндеттерінің бірі ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, сондай-ақ өндірістік меншік объектілеріне авторлық құқықтарын сайма-сай қорғауды қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
2013 жылы, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер санының 32%-ға азаюына қарамастан, олардың сапасы жақсарды, 655 әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік істерді соттарда қарау нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке 620 адам тартылды.
Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Э.Т.Қалығұлова атап өткеніндей, 2013 жылы қаржы полициясы органдары осы салада 645 қылмысты ашқан, оның ішінде 589 – ҚР ҚК 184 б., 10 - ҚР ҚК 199 б., 46 - ҚР ҚК 227 б. бойынша.
2013 жылы қаржы полициясы органдары контрафактілік өнімдерді дайындау жөніндегі 79 жасырын цехтардың жұмысына тосқауыл қойылды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті бөлімінің бастығы Ж.Т.Сүйінбай өз сөзінде 2013 жылы ішкі істер органдары ақпараттық технологиялар саласындағы 2327 құқық бұзушылықты, оның ішінде 1928 авторлық және аралас құқықтар бойынша анықтағанын айтты. Заңсыз айналымнан 230 мың контрафактілікCD-DVD дисклері, заңсыз бағдарламалық қамтамасыз етулері бар 899 дискілері алынды.
Авторлық сыйақыны төлеу мәселесін талқылауға мүліктік құқықты ұжымдық негізде басқарушы ұйымдар мен «Қазақстанның ұлттық телерадиохабартаратушылар одағы» ЗТҰ-ның өкілдері қатысты.
Ассоциация өкілінің пікірі бойынша кабелдік операторлар эфирлік каналдардың телехабарларының бағдарламаларын жеткізу жөніндегі «поштальондар» болып табылады, себебі олар авторлық және аралас құқық объектілерін жасамайды, тиісінше авторлық сыйақыларды төлемеуі тиіс.
«Аманат» «Авторлық және аралас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым» ЖМ президенті мен «Абырой» «Авторлық қоғамы» РҚҰ директоры өзге позициясын білдіріп, кабельдік операторлар авторлық және аралас құқық объектілерін пайдалануды жүзеге асырушы болып табылатын белгіленді. «Авторлық және аралас құқықтар туралы» Заңның 16-бабының 5-тармағына сәйкес олар пайдаланушылар болып табылады әрі авторлық және аралас құқықтаробъектілерін заңды түрде пайдалануы үшін авторлардың, орындаушылардың, фонограмма өндірушілердің мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен немесе тікелей авторлармен, орындаушылармен, фонограмма өндірушілермен шарттар жасасуы тиiс.
Бейнеконференция қорытындысы бойынша қатысушылар ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында кабельдік хабар таратушыларының авторлық сыйақы төлеу мәселелерін талқылау бойынша жеке жиналыс өткізуге шешім қабылдады.
Комитет төрағасының орынбасары Ш.Т. Әбдіреева VII Астана экономикалық форумы шеңберінде 2014 жылғы 21-22 мамырда өткізілетін II «Антиконтрафакт» Халықаралық форумына (одан әрі – форум) дайындық мәселелері бойынша хабарлады. Форум шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың, Интернет жүйесіндегі қарақшылықтар, контрафактілік, жалған және сапасыз өнімдердің айналымына қарсы әрекет етудің аса өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ тәжірибе алмасу, контрафактіден қорғаудың заманауи азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық механизмдерін, аталған саладағы заңнаманы ұлттық және халықаралық деңгейде жетілдірудің ағымын талқылау жоспарланып отыр.
Форум жұмысы аясында қатысуға 206 қатысушалыр, оның ішінде казақстандық – 176, шетелдік – 30 растады. Спикерлер ретінде 25 қатысушылар мәлімдеді, олардың арасында: Т.М. Сүлейменов – Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі, алқа мүшесі, Дүниежүзілік өнертапқыш-әйелдердің ассоциациясының Президенті – Хан Ми Йонг, «Антиконтарфакт» КС-нің Президенті – А.А. Аслаханов, Кеден одағының тағам өндірушілер кеңестігінің вице-президенті – В.Ж. Зинченко және т.б.
Бейнеконференция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға G-Global виртуалдық жобасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша талқылауға белсенді қатысуға ұсыныс берді.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік құқығы комитеті