Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

2014 жылғы 11 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру жөніндегі конкурстық комиссиясы отырысының Пресс-релизі

21 апреля, 2014

2014 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілді.

Конкурстық комиссияның отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы жыл сайын Өнертапқыш қызметін ынталандыру, азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттері мен дарындылығын қоғамның мойындағанын білдіру, азаматтардың инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында беріледі. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру ережелері 2012 жылғы 11 сәуірдегі №446 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру сұрыптау өлшемдері әлеуметтік және экономикалық мәнділігі, келешегі, бәсекеге жарамдылық, экологиялық қауіпсіздігі болып табылады.

Біздің тәуелсіз елеміздің тарихында 2012 жылда осы байқау бірінші рет өткізілді, оның қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы 6 үміткерге берілді.

Жеңімпазды құттықтау салтанатты рәсімі VII Астана экономикалық форумы шеңберінде 2014 жылғы 22 мамырда Өнер академиясының «Шабыт» шығармашылық үйінің салтанатты залында өтеді.