Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

2016 жылғы 21 сәуірінде Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК филиалында оқыту семинары өтеді.

14 апреля, 2016
Семинарда зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, «ҰЗМИ» РМК көрсететін электрондық қызметтер, «Шапағат» байқауы туралы, тауар таңбаларын құқықтық қорғау, өнеркәсіптік үлгі түсінігі, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану.
Семинарда ҰЗМИ филиалының білікті қызметкерлері дәріс оқиды.
Семинар аяқталған соң ҰЗМИ филиалының мамандары семинар барысында қарастырылған өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау бойынша, «ҰЗМИ» РМК көрсететін электрондық қызметтер жөнінде кеңес береді.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинардың өту күні: 2016 жылдың 21 сәуір, уақыты: сағат 10.00-де.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген адрес бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы, немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Бағдарлама
Өтінім