Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

2016 жылдың 22-26 мамырында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалында Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасы мен Оқу орталығының қызметкерлеріне арналған "ҰЗМИ" РМК өтінімдерін іздеу және сараптама жасауға қажет Thomson Innovation тұғырнамасын пайдала

06 июня, 2016
2016 жылдың 22-26 мамырында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалында Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасы мен Оқуорталығының қызметкерлеріне арналған "ҰЗМИ" РМК өтінімдерін іздеу және сараптама жасауға қажет Thomson Innovation тұғырнамасын пайдалану" тақырыбындағы тәжірибелік семинар өткізілді. Сонымен қатар, семинарға «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ қызметкерлері де қатысты. Семинар барысында В.В. Жуков «Томсон Рейтер (Маркетс) СА» АҚ қызметі туралы қысқаша шолу жасады. Толығырақ «Thomson Innovation» тұғырнамасының мүмкіншіліктері туралы тоқталды. Лектор әртүрлі патенттік және патенттік емес дерекқорлары бар тұғырнаманың шоғырландырылған жүйе екенін түсіндірді. Семинар жұмысы бағдарламаға сәйкес келесідей тақырыптарда өтті: «іздеу жұмыстарын аталған тұғырнамада қалай жасау керек?», «іздеу нәтижелерімен қалай жұмыс жасау керек?». Лектор аталған тұғырнаманың талдаулық мүмкіншіліктері туралы, «патенттік ландшафтты» қалай жасау керектігі туралы ақпарат берді. Жұмыс барысында лектор «ҰЗМИ» РМК филиалының сарапшыларына тұғырнаманың тәжірибелік мүмкіншіліктерін зерттеу мақсатында 2 апталық тегін пайдалану мерзімін белгіледі.