Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide

А.ж. 26 қазанында Алматы қ. «Атамекен» КП алаңында онлайн-семинар өтті.

26 октября, 2016
Үстіміздегі жылғы 26 қазанда Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында Әділет министрлігі мен «ҰЗМИ» РМК ұйымдастыруымен және «Атамекен» ҰКП қолдауымен Әділет министрлігінің 2016 жылға арналған Операциялық жоспарының 31-тармағын орындау мақсатында өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау мәселелері бойынша онлайн-семинар өтті.
Онлайн-семинардың жұмысына видеоконференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, ҰЗМИ, ұлттық компаниялар мен Қазақстанның он бір аумағының (Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Өскемен, Астана, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.
Онлайн-семинарды «ҰЗМИ» РМК Алматы филиалының Тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілер жөніндегі талдау зерттеулер басқармасының бастығы, модератор Омарбекова Ж.Е. ашты.
«ҰЗМИ» РМК өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және селекциялық жетістіктерге формальды сараптама жасау және тіркеу басқармасының бастығы К.С. Искакова (өнертабысбар мен пайдалы модельдерге өтінім беру және тіркеу рәсімі), «ҰЗМИ» РМК тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына сараптама жасау басқармасының бастығы А.Е. Шакуанова (тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінім беру және тіркеу рәсімі), «ҰЗМИ» РМК өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдерге сараптама жасау басқармасының бастығы Н.Д. Исабеков (өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру және тіркеу рәсімі), «ҰЗМИ» РМК тауар таңбаларын халықаралық тіркеуге өтінімдерге сараптама жасау басқармасының бастығы А.А. Қазиева (Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары туралы шарт жобасының негізгі ережелері), «ҰЗМИ» РМК ақпараттандыру және ақпараттық ресурстар басқармасының бастығы А.И. Ашенова («ҰЗМИ» РМК-да электрондық түрде өтінім беру жүйесі) өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау мәселелері бойынша баяндамалар жасады.
Одан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасының негізгі ережелері бойынша ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары С.М. Нуримбетова баяндама жасады.
Онлайн-семинарға қатысушылар өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау жөнінде көптеген сұрақтар қойып, оларға толық және білікті жауаптар алды.