Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide

Қызылорда қ. зияткерлік меншік туралы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

17 ноября, 2016
Ағымдағы жылдың 17 қарашада сағ. 16:00-де Қызылорда қаласындағы «Студенттер сарайы» ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаласы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Шараның мақсаты - азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін білдіретін заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.
Қоғамдық тыңдаудың жұмысына облыстың құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік палата, бизнес, Үкіметтік емес ұйымдар, құқық иегерлері, ғылыми мекемелер, ғалымдар, Республикалық қоғамдық бірлестіктер, мүдделі мемлекеттік органдардың және оқу орындарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті жанындағы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының кеңесшісі Әсемгүл Бақтыбайқызы Әбенова және Құқық, халықаралық ынтымақтастық және БАҚ-мен байланыс басқармасының бастығы Айдын Қыдырбайқызы Артықова қатысты.
Іс-шараның модераторы Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы Лесеров Тастабай Аманжолұлы болды. Жиын барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, Заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде зияткерлік меншікті қорғау және оның қолдануы» туралы сөз сөйледі, сонымен қатар «Қызылорда кәсіпкерлер ассоциясы» заңды тұлғалардың бірлестігінің атқарушы директоры Жаңғабылова Клара Нұртазақызы «Облыс кәсіпкерлерінің әділет органдарымен өзара әрекеттестігі туралы» өз пікірін айтты. Одан әрі сұрақтар қойылып, Заң жобасы талқыланып, пікірлермен алмасты.
Жалпы Заң жобасы қолдау тапты.
Заң жобаларының және Тұжырымдаманың мәтіндері 2016 жылғы 14 , 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz, әлеуметтік желілерде (facebook, twitter, instagram), Зияткерлік меншік құқығы институтының www.kazpatent.kz