Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

2016 жылдың 22 қарашасында "ҰЗМИ" РМК филиалы көшпелі семинар өткізді

25 ноября, 2016
2016 жылдың 22 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау мақсатында «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері және ҚР территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер)» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Семинар жұмысына университет магистранттары мен студенттері қатысты.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері және ҚР территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер)» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинарға қатысушылар өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау және авторлық құқық объектілерін тіркеуге қатысты бірнеше сұрақтар қойып, «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының маманынан толық жауап алды.