Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

2018 жылдың 26 ақпанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

01 марта, 2018

2018 жылдың 26 ақпанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтында «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының оқытушысы мен студенттері қатысты.

Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқыды.

Студентер семинар жұмысына белсенді қатысып, программаға қатысты авторлық құқықты бұзу, авторлық құқық объектілерін қорғау, автордың құқықтарын заңсыз пайдалану және т.б. сұрақтар қойды.

Шара соңында Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының доценті – К.А. Калиева өткізген семинар үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.