Национальный институт интеллектуальной собственности
2018 жылдың 20-21 ақпанында Алматы және Шымкент қалалары «Атамекен» ҰКП-да Республикалық «Контрафакт» акциясы аясында «Атамекен» өңірлік палаталары, құқық иелері және Алматы және Шымкент қалаларының бизнес- құрылымдары өкілдерінің және мүдделі тұлғалардың қатысуымен «Кәсіпкерлік және зияткерлік меншік» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинарды Алматы қаласы Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы Г.Д.Оңғарбаева алғы сөзімен ашты.
Семинарда сондай-ақ, «ҰЗМИ» РМК филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша аналитикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Ж.Е.Омарбекова сөз сөйледі.
Ж.Е.Омарбекова тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу рәсімі, сараптама жүргізу мерзімі, тауар таңбаларының ұқсастықтары мен сәйкестіктерін анықтау әдістері, тіркеу шарттары, қызмет ету мерзімін ұзарту, сонымен қатар Тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгілерін тіркеудің Мадрид жүйесі туралы айтып өтті.
Семинарды қорытындылай келе, спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.