Национальный институт интеллектуальной собственности
2018 жылдың 19 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.
Семинар жұмысына аталған Университеттің қызметкерлері мен студенттері, барлығы 39 адам (с.қ. доценттері, ғылым кандидаттары, бөлім басшылары, ғылыми қызметкерлер мен «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының мамандары) қатысты.
Лектор ретінде Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Н.Т. Айдарбеков «Өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік талаптары» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:
- өнеркәсіптік үлгі түсінігі;
- өнеркәсіптік үлгі түрлері;
- өнеркәсіптік үлгіге патентттің әрекет ету мерзімін ұзарту тәртібі;
- өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік талаптары;
- өнеркәсіптік үлгі өтініміне сараптама жасау және т.б.
Сонымен қатар, сарапшы алда болатын Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы және өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдердіэлектронды түрде берудің артықшылықтары туралы ақпарат берді.
Семинар қатысушылары өнеркәсіптік үлгіге патент алуға өтінімді беру мен оны қарау, сараптама ұйымымен іс қағаздарын жүргізу және хат жазысу тәртібі, Тарифтерді төлеу мерзімі және т.б. туралы сұрақтар қойды.
Семинар соңында аталған Университет өкілдері берілген құқық түсіндіру жұмыстары үшін алғыс айтып, жемісті еңбек тіледі.