Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу қарсаңына «Ашық есік күні» өтті

25 апреля, 2019

2019 жылдың 23 сәуірінде Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК филиалында «Ашық есік күні» өтті.

2019 жылғы 25 сәуірде толық жұмыс күні ішінде «ҰЗМИ» РМК орталық кеңсесінің есіктері барлық ниет білдірушілерге ашық болды.

Іс – шара осы жылы «Алтын үшін күрес: ЗМ және спорт» ұранымен өтетін Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арналған, «Жылдам, жоғары, күшті» девизімен өтті.

«ҰЗМИ» РМК кеңселеріне: патент иеленушілер, отандық компаниялардың өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, студенттер және зияткерлік меншік саласында жұмыс істейтін басқа да мүдделі тұлғалар келді.

Қонақтар өтінімдерді өңдеудің толық рәсімімен, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу тәжірибесімен танысты.

Сарапшылар өнертабыстарды жасау кезінде негізгі түрлері мен тәсілдеріне және шетелдік патенттеу мақсаттары үшін талаптарға қатысты кеңес өткізді.

Қонақтарды қарсы алған құрылымдық бөлімшелер басшылары Қазақстан Республикасында өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау, авторлық құқықты тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншіктің рөлі мен маңызын насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Барлық келген қонақтар іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіре отырып әрі-қарай ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.

Алматықаласындағы ашық есік күні

«ҰЗМИ»РМК филиалының директоры Зауре Орынбекова қонақтармен

Тауарлық белгілер және өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдамалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Омарбекова

Нұр - Сұлтан қаласындағы ашық есік күні

Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бастығы Гүлдана Ілиясованың консультациясы беруі
Авторлық құқық басқарма сарапшысыныңкеңес беруі

«ҰЗМИ»РМК бойынша экскурсия