Национальный институт интеллектуальной собственности
Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы Тимур Ермағамбетов Еуразиялық патенттік ведомстводан «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасының жүлдегері, Қарағанды техникалық университетінің магистранты Диана Ержанованы құттықтап, диплом мен бағалы сыйлықты табыс етті.
Үшінші орын алған Диананың жобасы «Біз- Д. Менделеевтің ұрпағымыз. Химиямен айналысайық? Иә! Өмір сүру ұзақтығын арттырамыз!» тақырыбындағы жұмыстар арасында «Шұбаркөл көмірінен электр сульфидтеу әдісімен сирек кездесетін және шашыранды металдарды алу» болып табылады.
2021 жылғы 2 сәуірде Еуразиялық патенттік ұйымның 25 жылдығына арналған «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиаданың Еуразиялық патенттік ведомствосының шығармашылық жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша қазақстандық жастар өкілдері жүлделі орындарға ие болды. Олардың қатарында бірінші орын иегері Санат Сейітов пен Есенкелді Мұсатай бар.
Диана Ержанованы мен оның ғылыми жетекшісі х. ғ. к., доцент Нагуман Пахчан Негмутулаұлын жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!