Национальный институт интеллектуальной собственности
Бүгін Қазпатенттің республикалық заң консультанттары алқасына (бұдан әрі – алқа) ұйымдастырған зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинардың бірінші күні өтті.
Вебинар жұмысын алқа төрағасы Серік Ақылбай, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Мейіржан Төлепов, Казпатент директоры Ербол Оспанов құттықтау сөзбен ашты.
Серік Ақылбай дәріс курсын ұйымдастырғаны үшін Қазпатентке алғыс айтып, мұндай іс-шараны тәжірибелі заңгерлердің кәсіби қоғамдастығы үшін өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Мейіржан Төлепов өз сөзінде аудиторияны Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілін аттестаттаудан өткізу мүмкіндігімен таныстырып, "Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау" және "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметтерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсететінін атап өтті. Алдағы аттестаттау осы жылдың желтоқсан айында өткізіледі деп жоспарланған.
Ербол Оспанов Казпатент қызметінің негізгі бағыттарын, соның ішінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (бұдан әрі – ДЗМҰ) ынтымақтастық бойынша, сондай-ақ ДЗМҰ академиясы барлық ниет білдірушілер үшін ұсынатын оқыту мүмкіндіктері туралы баяндады.
Вебинардың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Казпатент қызметкерлерінің тыңдаушылармен белсенді өзара іс-қимылы барысында өнертабыстарды, тауар белгілерін және ТШЖА құқықтық қорғау тақырыптары, сондай-ақ осы объектілерді патенттеу мен тіркеудің халықаралық рәсімдері қаралды. Сондай-ақ контрафактілік тауарларды құқықтық реттеудің қолданыстағы практикасы бойынша мәселелер қозғалды.
Онлайн кездесуге алқа Палаталарының 200-ден астам мүшесі қатысты.
Ертең, 2021 жылдың 24 қыркүйегінде вебинардың екінші соңғы күнін өткізу жоспарлануда.