Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Ермек Қуантыров Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында баяндама жасады

31 января, 2022

2022 жылғы 28 қаңтарда Серік Темірболатовтың төрағалығымен онлайн режимінде ҚР ӘМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда Kazpatent-тің 2021 жылғы қызметінің қорытындылары туралы мәселе қаралды.

Kazpatent директоры Ермек Қуантыров баяндама жасады. Ермек Сәкенұлы өз сөзінде 2021 жылдың қорытындылай келе, ведомствоның ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, ол жалғасып жатқан жаһандық COVID-19 пандемиясына қарамастан, 2021 жылы ведомствоның жұмысы үзілмегенін атап өтті.

Сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне электрондық өтінім берудің оң динамикасы атап өтілді. Осылайша, 2018 жылы электрондық өтінімдердің үлесі - 36,2%, 2019 жылы - 76,2%, 2020 жылы - 91,8%, 2021 жылы - 95,7% құрады.

Отырыс барысында қатысушылар баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойып, пікір алмасты, кеңес мүшелері патенттік ведомство қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кадрларының кәсіби құрамын нығайту бойынша ұсыныстар берді.