Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы-2022» атағын беру байқауы басталды

14 марта, 2022

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру Ережесіне сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау ашық. Өтініштер 2022 жылдың 1 мамырына дейін shapagat@kazpatent.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Дәреже жыл сайын екінші тоқсанда, сараптамалық ұйымымен өткізетін конкурс нәтижесі бойынша тағайындалады. Комиссияның жұмыс органы сараптамалық мекеме болып табылады («ҰЗМИ» РМК).

Ұсынымдар білдіруге:

1) мемлекеттік органдар;

2) ғылыми ұйымдар немесе қоғамдық бірлестіктер;

3) кәсiпорын, мекеме немесе ұйым бастамашы болады.

Ұсынымға:

1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) неғұрлым маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыс туралы пікірлер, рецензиялар және басқа да материалдар қоса беріледі.

Комиссия үміткердің өнертапқыштық қызметке қосқан үлесі үшін келесі критерийлерді ескереді:

1) өнертабысқа алынған және тиімді патенттердің жалпы саны, сондай-ақ авторлық куәліктер;

2) экономиканың түрлі салаларында патенттелген өнертабыстарды енгізу мен қолданудың нәтижелері (кәсiпорынның (мекемелердiң, ұйымдардың), ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғаның, өнертабыстарды орындау актiлерiн iске асыру жөнiндегi пікірі);

3) аударымдарды тіркеу және (немесе) өнертабысты пайдалану құқығын беру.

Комиссия ең жоғары балл алған адамға (адамдарға), оның ішінде бірдей ұпай жинаған тұлғаларға қатысты, атақ (атақтары) беру туралы шешімді қабылдайды.

Уәкілетті органның басшылығы және басқа да лауазымдық тұлғалар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышына дипломды және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" естелік лентасын салтанатты түрде тапсырады.

Өтінімдерді берумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, shapagat@kazpatent.kz электронды поштасына хабарласыңыз.

Ереже (жүктеу)