Национальный институт интеллектуальной собственности
30 наурызда Kazpatent Қазақ ұлттық хореография академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін "Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау"тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Kazpatent сарапшылары зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясат, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың артықшылықтары, құқықтық қорғау және авторлық құқықтарды тіркеу, Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) шеңберінде өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенция (ЕАПК) шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін ашты.
Болашақта басқа ЖОО-лар үшін де осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.