Национальный институт интеллектуальной собственности
2022 жылғы 23 сәуірде ҚР Ұлыбританиядағы елшілігінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов қазіргі уақытта Ұлыбританияның King ' s College London (KCL) жоғары оқу орындарының бірінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген халықаралық Болашақ бағдарламасының стипендиаттарымен кездесті. Әділет министрлігінің қызметкерлері болып табылатын стипендиаттар үшін KCL «Сот сараптамасы, құқық және зияткерлік меншік» ғылыми тағылымдама бағдарламасын арнайы әзірледі.
Кездесу Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры Ербол Оспановтың кәсіпорынның қызметі туралы таныстыруымен басталды, онда KCL-де Тауар белгілерін құқықтық қорғау, дизайн және географиялық көрсеткіштер мәселелері зерделенетіні атап өтілді.
Таныстырылымды сот сараптамалары орталығы (ССО) директорының орынбасары Назгүл Имамбаева жалғастырып, KCL стипендиаттарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу жасады. Ұлыбританияның еліміздегі сот-сараптамалық зерттеулер саласындағы оң тәжірибесін енгізу жөніндегі алдағы жұмыс туралы мәселелерге ерекше назар аударылды.
Соңында ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан (ЗҚАИ) Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің басшысы Куликпаева Мира сөз сөйледі. Ол заңнаманы қалыптастырудың негізгі тәсілдері туралы айтып, ЗҚАИ стипендиаттары-қызметкерлерінің ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу жасады.
Тимур Сүлейменов баяндамашыларды үлкен қызығушылықпен тыңдады, «Болашақ» бағдарламасының бірегейлігін атап өтті, көрсетілген қызмет салаларын дамытуға бағытталған бастамаларды енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударды.