Национальный институт интеллектуальной собственности
2022 жылғы 18-29 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жазғы мектебі (Жазғы мектеп) өтеді.
Жазғы мектеп бағдарламасы дәрістерден, тақырыптық зерттеулерден, модельдеу жаттығуларынан және зияткерлік меншік (АЖ) саласындағы жекелеген тақырыптар бойынша топтық жұмыстан тұрады.
Іс-шараға қатысу үшін тиісті тіркеуден өту қажет:
Тіркеу мерзімі:20-сәуір-2022 - 30-маусым-2022
Курсты төлеу мерзімі:15-маусым-2022 - 08-шілде-2022
Курсты өткізу мерзімі:18-шілде-2022 - 29-шілде-2022
Жазғы мектеп гибридті форматта өткізілетін болады.
Бұл жоба университет студенттері мен жас мамандарға салада неғұрлым терең білім алуға, атап айтқанда, ЗМ-тің орнықты дамуды қамтамасыз ету құралы ретіндегі функциясын және ДЗМҰ-ның ЗМ құқықтарын әкімшілік басқарудағы және осы саладағы жаһандық қызметтерді ұсынудағы рөлін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Алдағы іс-шара туралы толық ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады:https://welc.wipo.int/acc/index.jsf?page=wssCatalog.xhtml&lang=ru&cc=WSSKZ2022#plus_WSSKZ2022