Национальный институт интеллектуальной собственности
Бүгін, 2022 жылдың 28 сәуірінде Казпатент «Өнеркәсіптік меншікті қорғау жүйесін дамыту: құқық қолдану практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің жұмысын аша келе, Казпатент директорының м.а. Абзал Естаев әріптестерін өткен Дүниежүзілік зияткерлік меншік күнімен құттықтап, аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелге Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкіл Нұрғайша Сахипова, Қазақстанның патенттік сенім білдірілген өкілдер Палатасының Төрайымы Модангүл Тағбергенова, патенттік сенім білдірілген өкілдер одағының өкілдері және Қазақстан Республикасының басқа да патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.
Алғы сөз Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкіл Нұрғайша Сахиповаға берілді, ол ұйымдастырушыларға екі жылдық онлайн жұмыс режимінен кейін іс-шараның форматы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ биыл Қазақстанның патенттік жүйесі 30 жылдық мерейтойын атап өтетінін атап өтті.
Қазақстанның патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының төрағасы Модангуль Тагбергенова өзінің құттықтау сөзінде тауар белгілері саласындағы проблемалық мәселелерді атап өтіп, патенттік сенім білдірілген өкілдердің Казпатентпен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін айтты.
Казпатент басшылығы және Алматы қ. филиалы мамандары толықтай видеожелі арқылы қатысты.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік күнін мерекелеуге орай Казпатент директорының м.а. Абзал Естаев 2021 жылдың қорытындысы бойынша АЖ қорғау саласындағы белсенді қызметі үшін үздік 10 патенттік сенім білдірілген өкілді атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында Казпатент директорының м.а. Абзал Естаев патенттік сенім білдірілген өкіл Модангуль Тагбергенова мен Әсел Ибрагимоваға алғыс хаттар табыс етті.
Марапатталғандардың тізімі:
Модангуль Тагбергенова | АсельИбрагимова |
Дөңгелек үстел гибридті диалог форматында өтті. Тиісті департаменттер мен басқармалардың басшылары патенттік сенім білдірілген өкілдердің қойған барлық сұрақтарына жауап берді.
Талқылау нысанасы тауар таңбаларын және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау мәселелері, сондай-ақ өнертабыстар мен пайдалы модельдердің патенттік қабілетіне байланысты мәселелер болды.
Соңында қатысушылар Казпатентке дөңгелек үстел ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, көтерілген мәселелердің келесі іс-шаралар аясында одан әрі талқылануына сенім білдірді.