Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне арналған вебинар өтті

05 мая, 2022
4-5 мамырда Kazpatent М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Kazpatent сарапшылары авторлық құқықтарды құқықтық қорғау және тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау, Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) шеңберінде өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенция (ЕАПК) шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу, IT-шешімдерді патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру туралы мәлеметті ұсынды.
Болашақта басқа ЖОО-лар үшін де осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.