Национальный институт интеллектуальной собственности
11 және 13 мамырда Kazpatent Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншік және медицина» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Kazpatent сарапшылары авторлық құқықтарды құқықтық қорғау және тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау, Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) шеңберінде өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенция (ЕАПК) шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу, отандық және халықаралық мәліметтер базасы бойынша патенттік ізденістер, ҚР Өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімдері, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру туралы мәлеметті ұсынды.
Болашақта басқа ЖОО-лар үшін де осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.