Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide
slide
slide
slide

Қазпатентте "Контрафакт" акциясы аясында Ашық есік күні өтті

17 мая, 2022

2022 жылдың 17 мамырында Қазпатент ведомствоға келген қонақтарға зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мен құқықтарын қорғаудың барлық артықшылықтарын ұсынды. Іс-шараның мақсаты – студент жастардың-Болашақ инженерлер мен өнертапқыштардың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру. Студенттер үшін Қазпатент бойынша экскурсия ұйымдастырылды, осы экскурсия барысында олар байланыс орталығына, Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментіне, тауар белгілері департаментіне, тауар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер, сондай-ақ Авторлық құқық басқармасына барды.

Басқарма басшылары студенттерге өз басқармалары қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Қонақтар өтінімдерді электронды түрде беру тәртібімен танысты.

Барлық сұрақтар бойынша студенттер білікті жауаптар алды.