Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide

X Петербург халықаралық заң форумы

30 июня, 2022

Бұл күндері (29 маусым - 1 шілде) Санкт-Петербургте министр Қанат Мусин бастаған Әділет министрлігінің делегациясы Х Петербург халықаралық заң форумына қатысуда.

"Адам қызметіндегі мемлекеттік әділет" әділет министрлерінің ашық кеңесінде Қанат Сергеевич мемлекеттік аппарат процестерінің тиімділігін жетілдіруге елеулі әсер еткен әкімшілік Әділет институты енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдау және іске асырудың оң тәжірибесімен бөлісті.

Делегация мүшелері түрлі панельдік сессияларға белсенді қатысуда. Qazpatent директорының орынбасары Айдын Артыкова және Qazpatent құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Андрей Тринколенко зияткерлік меншік бойынша панельдік сессия жұмысына қатысады, онда цифрлық ортадағы зияткерлік меншікке көзқарастарды өзгерту мәселелері, айрықша құқық әрекетін мәжбүрлеп шектеу проблемалары, ЕАЭО шеңберінде зияткерлік меншік мәселелерін реттеуді жетілдіру перспективалары қаралатын болады.

Форум ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Қосымша ақпарат әлеуметтік желілерде және Әділет министрлігінің сайтында жарияланады.