Национальный институт интеллектуальной собственности
Бүгін, 2022 жылдың 14 шілдесінде Kazpatent ҚР ӘМ Зияткерлік меншік департаментімен бірлесіп, Қазақстанның патенттік сенімді өкілдерінің қатысуымен «Өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғауды жетілдіру: заңнамадағы негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
ҚР ӘМ ЗМҚД Өнеркәсіптік меншік басқармасының басшысы Адиль Исмагулов пен Qazpatent директорының орынбасары Айдын Артықова құттықтау сөз сөйледі. Олар қатысушыларды Қазақстанның патенттік жүйесінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі. Сондай-ақ, құттықтау сөз Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкіл Нұрғайша Сахиповаға және ҚР Патенттік сенім білдірілген өкілдер одағының мүшесі Жанна Абылхановаға берілді.
Дөңгелек үстел барысында Qazpatent құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Андрей Тринколенко зияткерлік меншік саласындағы заңнаманың негізгі өзгерістері туралы баяндама жасады, ол өнеркәсіптік меншік объектілерінің ағымдағы тізбесін тағы бір объектімен толықтыруды қамтиды - «географиялық көрсету», тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерге қатысты қысқа мерзімді қорғауды енгізу және «оппозициялық жүйе».
Qazpatent Тауар таңбалары, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаменті басшысының орынбасары Алтынай Тайшева«Өнеркәсіптік үлгілерге сараптама жүргізу: халықаралық тәжірибе және жергілікті жаңалыққа көшу мүмкіндігі»тақырыбымен сөз сөйледі. Ол өнеркәсіптік үлгіге патент алу рәсіміне, өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік өлшемдеріне, өтінім берушілер мен патент иеленушілердің құқықтарын қорғау тәсілдеріне тоқталды.
Qazpatent қызметкерлерінің презентацияларының қорытындысы бойынша патенттік сенім білдірілген өкілдер өтінімдерді беру, апелляциялық кеңесте және сот сатыларында шешімдерге шағым жасау кезінде құқық қолдану практикасы процесінде кездесетін мәселелерді айтты. Бұдан басқа, патенттік сенім білдірілген өкілдер «Тауар таңбалары туралы»Заң мен Патент заңының ережелерін нақтылау бойынша ұсыныстар енгізді. Негізгі мәселелер домендік атауды заңға тәуелді актілерде егжей-тегжейлі анықтауға, өнеркәсіптік үлгіні жарияланған деп тануға және қоғамдық мүдделерге, адамгершілік пен мораль принциптеріне қатысты нормаларға бағытталған.