Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Qazpatent қызметкерлері «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РМК іс-шарасына қатысты

11 августа, 2022

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РМК – сорт сынау жүйесінің 85 жылдығына орай «Сорт сынау – ғылым мен өндірістің ажырамас буыны» тақырыбындағы Егіс күні Қазақстан Республикасының Есіл астық жем мемлекеттік сорт учаскесі базасында (Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы) өткен іс-шараға «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері Өнертабыстар мен селекциялық жетістіктерді формальды сараптау басқармасының басшысы Дана Алимжанова және Өнертабыстар мен селекциялық жетістіктерді формальды сараптау басқармасының бас сарапшысы Әділхан Уромбаев қатысты.

Осы іс-шара аясында «Есіл» мемлекеттік сорт учаскесінің егіс алқабына сапар ұйымдастырылды, онда дәнді, бұршақ, майлы және жемшөп дақылдарының отандық және шетелдік селекциясының селекциялық жетістіктері бәсекеге қабілетті сорт сынаудың тәжірибелік учаскелерінде көрсетілді, сонымен қатар өсімдіктердің шаруашылық пайдалылығы мен патенттік қабілеттілігі бойынша сыналатын сорттарға сараптама жүргізілді.

Явленка ауылының мәдениет үйі аумағында «Limagrain Europe» ЖШС, «Август Казахстан» ЖШС, «Казуралагро» ЖШС, «Syngenta Kazakhstan» ЖШС, «Rapool Kazakhstan» ЖШС, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ», «Агриант» ЖШС, «ABUS-group» ЖШС сияқты Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығында жұмыс істейтін компания өкілдері ауыл шаруашылығы техникасының заманауи үлгілерін, селекциялық және сорт сынауға арналған ауыл шаруашылық және зертханалық жабдықтарды ұсынды.

Іс-шараның ресми бөлімінде: «ABUS-group» ЖШС, «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КЕАҚ, KAP SIDS Қазақстан астық консорциумы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және т.б. өкілдердің баяндамалары тыңдалды.

Іс-шараның соңында салтанатты түрде сорт сынау жүйесінің үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының» РМК төс белгілері мен мақтау қағаздары табыс етілді.