Национальный институт интеллектуальной собственности
18 тамызда Qazpatent Qolday кәсіпкерлік орталығына «Зияткерлік меншік және кәсіпкерлік» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Qazpatent сарапшылары Мадрид жүйесі шеңберінде тауар белгілерін халықаралық тіркеу, Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, Еуразиялық патенттік Конвенция шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді өңірлік қорғау, ҚР Өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімдері, отандық және халықаралық дерекқорлар бойынша патенттік іздеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру бойынша мәселелерін қамтыды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.