Национальный институт интеллектуальной собственности
5 қазанда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Қазпатент мамандары «Зияткерлік меншік пен креативті индустрия» атты тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинарда Ләззат Салкен, Өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының басшысы, Саят Шидербеков, Авторлық құқық басқармасы басшысының орынбасары, Аружан Ұлханова, Зияткерлік меншік құқықтары орталығының (IPR Center) бас сарапшысы сөз сөйледі.
Семинарда авторлық құқықтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау мәселелері баяндалды.
Семинарға қатысушыларды авторлық құқық объектілеріне айрықша құқықтарды беру, шетелде авторлық құқықтарды қорғау режимі, авторлық құқық объектісіне куәлік алу процесі, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау ерекшеліктері мәселелері қызықтырды.