Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Qazpatent-те Республика күні мерекесі өтті

22 октября, 2022

Ағымдағы 22 қазаында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Ербол Канатович Оспановтың қатысуымен Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Құттықтау сөзінде директор Республика күнін мақтаныш пен таңданыс мерекесі, 25 қазан – елімз үшін маңызды күдердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды; - деді ол өз сөзінде.

Оспанов Ербол салтанатты жағдайда жұмыскерлерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, бірқатар жұмыскерлерді құрмет грамоталарын табыс етті.

Тағыда атап өтетіні, бүгін Әділет министрлігінде салтанатты іс-шаралар өтіп, ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Қаржы-экономикалық жоспарлау, мемлекеттік сатып алулар және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Светлана Мажитовна Шадиковаға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.