Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Qazpatent Astana IT University үшін оқыту семинарын өткізді

27 октября, 2022

27 қазанда Қазпатент сарапшылары Astana IT University профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттары үшін "IT саласындағы зияткерлік меншік" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар аясында авторлық құқықты қорғау, сондай-ақ IT-шешімдерді патенттеу мәселелері талқыланды.

Семинарға қатысушылар қорғау құжаттарының қолданылу мерзімі, авторлық құқықтарды тіркеу және пайдалы модельге патент алуға өтінім беру процесі, патенттік іздеуді жүзеге асыру процесі, сондай-ақ куәліктер мен қорғау құжаттарын алу қажеттілігі мәселелері бойынша қызығушылық танытты.

Спикерлер ретінде Авторлық құқық басқармасы басшысының орынбасары Саят Шідербеков, Зияткерлік меншік құқықтары орталығының (IPR Center) бас сарапшысы Аружан Ұлханова, сонымен қатар Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының сарапшысы Назифа Бақтыбаева сөз сөйледі.