Национальный институт интеллектуальной собственности
27 қазанда Qazpatent Qolday кәсіпкерлік орталығының қызметкерлері үшін «Кәсіпкерлік және зияткерлік меншік» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты құқықтық қорғау, Патенттік кооперация туралы шарт шеңберінде өнертабыстарды халықаралық патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша мәселелерін қамтыды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.