Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

КАЗПАТЕНТ ҰЖЫМЫ КӨҢІЛ АЙТАДЫ

18 ноября, 2022

Ұлттық зияткерлік меншік институтының ұжымы Қазақстан Республикасының Патенттік сенімді өкілі Ольга Васильевна Пастухованың жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Ол зияткерлік меншік объектілерін тіркеу, пайдалану және қорғау саласында 30 жылдан астам жұмыс істеді. Ольга Васильевна жұмысының негізгі бағыттары өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді патенттеуге, тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, әкімшілік және сот дауларына, патенттік зерттеулер жүргізуге және технологияларды беруге байланысты болды.

2012 жылы жемісті ынтымақтастығы үшін ҚР Әділет министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық патент жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің медалімен, 2013 жылы ҚР Әділет министрінің атынан 2022 жылы ҚР патент жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты алғыс хатымен марапатталған.

Біз оны әрқашан жақсы, мейірімді адам және жоғары кәсіби маман ретінде есте сақтайтын боламыз.