Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Qazpatent сарапшылары «Ашық есік күні» акциясына қатысты

21 ноября, 2022

2022 жылдың 17 қарашасында Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Qazpatent құрылымдық бөлімшелері сарапшыларының және Астана қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі қызметкерлері, Астана қаласының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары, адвокаттардың және нотариустардың қатысуларымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсатыҚазақстан халқының құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Қазпатенттің сарапшылары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы, өтінімдер мен құқықтық мәселелерді түсіндірді, келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар беріп, заң көмегін көрсетті.