Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide
slide

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті а.ж. 6 қыркүйекте Шымкент қаласында «Өнеркәсіп меншік объекттерін сақтау, қорғау және тиімді пайдалану» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырды

16 сентября, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) а.ж. 6 қыркүйекте Шымкент қаласында «Өнеркәсіп меншік объекттерін сақтау, қорғау және тиімді пайдалану» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырды.

Семинар жұмысына Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары Әділет департаменттерінің қызметкерлері, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) филиалдарының жетекшілері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес және жоғарғы оқу орындары өкілдері қатысты.

Семинарда өнеркәсіптік меншік объекттеріне қорғау құжаттарын алу мен тіркеу, өнеркәсіптік меншік объекттері бойынша дауларды сотқа дейінгі реттеу, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру мәселелері қозғалды.

Шымкент қаласы ауданаралық Әкімшілік соты мен Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің өкілдері тыңдаушыларға заңнама ережелерін өнеркәсіптік меншік саласында, атап айтқанда, тауар таңбалары, зияткерлік құқықты қорғаудағы кедендік ұйым қабылдаған шараларға байланысты пайдалану тәжірибесі туралы ақпаратты жеткізді.

Өтікізілген семинар аясында БАҚ үшін брифинг ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Сонымен қатар, семинар барысында өнеркәсіптік меншік объекттерін құқықтық қорғау саласындағы күрделі мәселелер талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша аталған салада жұмысты ары қарай жетілдіру үшін ұсыныстар мен тілектер қабылданып, барлық қатысушыларға сертификат берілді.