Национальный институт интеллектуальной собственности
Дамыған мемлекеттерде зияткерлік меншік саласын қорғауды ерекше назарда ұстауы, олардың белгілі 6ip өндірісті өндіруге немесе шығарудағы әлемдік бipi бiрнішілікте және экономикасының даму деңгейін алдынғы қатарда болуының ce6eпшісі. Сонымен қатар, өркениетті мемлекеттер қатарына бет бұрган кезде, авторлық және сабақтас құқықтар саласына көңіл бөлу аса маңызды. Тауар белгілерін, өнер туындыларды және өнер табыстарды заң аясында қолдану, тауар белгілерінің және өнер табыстың иелері және өнер туындылардың авторларына төлем ақыларын алуына ыңғайлы және де төленетін салықтың түсуінен қазынаның көбейуі мемлекетке жайлы.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегеиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында, кедендік одақты және бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтатындығы және жақын мақсаттың бipi ретінде - Еуразиялық экономикалық қоғам құру екендігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Кеден одағына мүше болуы және бірыңғай экономикалық кеңістікті құру, мемлекеттің зияткерлік меншік саласында атқарылатын жұмыстарын жандандыратыны күмәнсіз. Нарықта бәсекелестіктің дамуына байланысты, отандық өндірушілерге қойылатын талаптың артуы, тұтынушыларға ұсынылған тауар ассортименттің өcyi сұраныс талаптарын күшейтеді. Заманауи бәсекелестікке төтеп беретін, экономиканың дамуын қалыптастыратын, зияткерлік меншік екендігін ескере отырып, зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандары өз жұмыстырын келесі бағытта жүзеге асарады.
Жамбыл облысы Әділет департаменті мамандарының алдымен аталған сала бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алу, екінші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесе қызмет атқару, ушінші орын алған құқық бұзушылықтарды анықтау, шара қолдану, төртінші аудандық әділет басқармаларына методикалық нұсқаулар беру, бесінші құқық тусіндіру жұмыстарымен белсенді айналысу.
2011 жылы iшкi істер департаменті, қаржы полициясы және әділет департаменті арасында бірлескен бұйрыққа қол қойылып, 2012 жылы Кедендік бақылау комитетімен әділет департаменті бірлескен жоспар құрып, осы сала бойынша біршама тірлк атқарды.
Атап айтқанда, 2013 жылдың 10 айы бойынша зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандары құқы қорғау органдарының бірлескен жұмыс тобымен 30 тексеру ic-шараларын өткізді. (2012 жылы 22 тексеру ic-шаралары жургізілді.
Нәтижесінде, 3 820 675 теңген құрайтын 19 792 дана контрафактілік аудиовизуалды өнімдер (DVD, CD, МР-3 дисктер) және оның ішінде «Loreal», «Max factor», «Chanel», «Nivea», «Dove» тауар таңбасымен белгілінген косметикалық заттар алынды.
Сонымен катар, облыс бойынша Қазақстан авторлары қоғамының және тауар таңбалар иелерінің арыздары бойынша тексертердің көбейгенін көруге болады. Бұл деңгейдің өcyi халыктың зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылыққа бей-жай қарамайтындығының көpiнici деп түсінемін.
Жамбыл облысы әділет
департаментінің бас маманы М. Шуйкебаева