Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«Зияткерлік меншікті қорғау – еліміздің стратегиялық нысанның бірі»

19 февраля, 2014

Қазақстанда зияткерлік меншік жүйесінің орнығу үдерісі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің орнығып, нығайтуымен қатар жүрді.

Жоспарлы экономикадан нарықтық шаруашылық етуге тікелей өту зияткерлік меншік нысандарын пайдаланумен байланысты қатынастарға ықпал етті.

1996 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық патенттік ведомствосының және мемлекеттік авторлық және шектес құқықтар жөніндегі агенттіктің құрылуы зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғаудың ұлттық жүйесінің негізін қалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 маусым 1999 жылғы Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия жэне сауда Министрлігінің Авторлық құқық жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің қүрамына өтіп, аумақтарда авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру жауапкершілігі облыстық Әділет басқармаларының мамандарына жүктелді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасы бастығының 12 тамыз 1999 жылғы № 156-п бұйрығымен авторлық және сабақтас құқықтары саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функциясы алғашқы рет облыстық Әділет басқармасының нақтыланған бір маманына жүктелді.

Міне, осы кезден бастап, 14 жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасы, кейіннен Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келуде.

Жалпы, зияткерлік меншік құқығы саласындағы заңнама жазушы, поэт, композитор, сүретші, режиссер, драматург, әнші, биші, өнертапқыш, ғалымдар мен басқа да көптеген шығармашылық жолындағы тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қамтамасыз етеді.

Осыған орай, ОҚО Әділет департаменті 2013 жылы тиісті қызмет атқарып, зияткерлік меншік құқығы саласында біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізді.

Өткен жылы яғни, 2013 жылдың басынан бірқатар авторлар мен құқық иегерлерінің, сондай-ак, түтынушылардың құқықтары қорғалып келуде. Мәселен, ОҚО Әділет органдарымен 69 тексеру жүргізіліп, оның нәтижесімен ҚР Әкімшілік қүқық бұзушылық туралы Кодексінің 128, 129, и 145 баптарымен 140 әкімшілік іс қозғалып, мемлекет пайдасына 4 405 395 теңге көлемінде айыппүлдар өндірілді. Заңсыз айналымнан 92239 дана контрафактілі өнімдер алынды.

ОҚО Әділет департаментімен 2012 жылы «Бір рет қолданылатын кумулятивтік перфоратор» өнертабысы авторының құқығы қорғалса, биылғы жылы «Жолаушылар көлігін диспетчерлеу жүйесі» атты пайдалы модельдің құқық иегерлерінің, сондай-ақ, «Bartoline», «Play Station», «Dizzi» және «Пиала» тауар таңбалары құқық иелерінің құқықтары сот арқылы қорғалды.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдығы - экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, индустрияландыруға қолайлы орта қалыптастыру, экономиканың басым секторларын дамыту процессінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен бірге, Мемлекеттік бағдарлама экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын құруға бағытталған.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында мемлекет басшысы Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдердің қатарына кіруі жөнінде тапсырма берді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестік индексі көрсеткіштерінің бірі «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткіші болып табылады.

Осыған орай, әділет органдары үкіметтік емес үйымдармен, кәсіпкерлер қоғамдық одақтармен өзара іс-қимылды нығайту, сонымен қатар отандық нарықта контрафактілі өнімді таратуды азайту жөніндегі жоспарды атқару бойынша іс-шаралар қабылданған.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда үйымына кіру және Жаһандық бәсекелестік индексі рейтингінде Қазақстанның үстанымын көтеру бойынша мемлекет басшысы қойған талаптардың аясында зияткерлік меншік құқығын тиісті түрде қорғау - стратегиялық нысан болып табылатынын атап өту қажет.

Әділет департамент

зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің

бас маманы

Салтанат Айтуреева