Национальный институт интеллектуальной собственности
Елбасының дәстүрлі Жолдауында «Ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуметін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау» жөніндегі заңнаманы жетілдіру жайы нақты айтылған. Иә, жолдауда белгіленген бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа бағытталған жұмыстардың бэрі өте маңызды. «Қазақстан жолы-2050» Жолдауындағы мәселелерді жүзеге асыру, яғни экономиканы жан-жақты дамыту, халықтың әл-ауқатын көтере түсу, денсаулық сақтау, білім беру мен ғылым салаларын әлемдік стандарттарға жауап беретін деңгейге жеткізу, ең бастысы - мемлекеттік еңбек адамына деген қамқорлығы. Біз өз тарапымыздан осы аталған міндеттерді жүзеге асыру жолында еңбек етіп келеміз. Нақты айтсақ, Арал аудандық әділет басқармасы өз құзыреті шеңберінде мемлекеттің қызметін қүқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, үйымдардың, лауазымды түлғалардың жүмысына заңдық тұрғыдан қолдау жасайтын қарапайым азаматтар мен басқа да ұйымдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органы болып табылады.
Бүгінде өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғауды өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады. Әсіресе, дәстүрлі білімдер, өнертабыстар, тауар таңбалары, оларды тіркеу және пайдалануға қатысты заңнамалар жетілдірілуде.
Алайда, ауданда өнеркәсіптік меншікті қорғау тәжірибесі жайындағы заң бұзушылықтарға жол бермеудеміз. Дегенмен де, Қазақстан мен ТМД аумағында тіркелмеген жэне бір-бірінен тәуелсіз өндірушілердің әйгілі тауар таңбалары төңірегінде туындаған дауларға қатысты мәселелерді де назарға алып отырамыз. Сондай-ақ, мәселен, қазіргі уақытта Ресейден кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін әкелуге шектеу қойылған. Оның себебі, Ресей Федерациясында «кеңестік» брендтердің құқық иелері бар. Сондықтан, кондитерлік өнімдердің сырттан әкелінуі құқық иесінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылатынын жергілікті кәсіпкерлерге түсіндіріп отырамыз. Ал, мұндай жағдайда қазақстандық компанияларға рұқсат алу мүмкін емес. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес зияткерлік меншік құқығына қорғау құжатын беру үшін алдымен патентке қабілеттілік шарттары тексерілетінін айтып, түсіндіріп келеміз.
Республикамыздағы ұлттық зияткерлік меншік институты патентке сенім білдіргендерді тіркейді. Арал ауданында аталған институттан патент алған екі заңды тұлға бар. Атап айтсақ:
Аудан тұрғындарына зияткерлік меншік жайлы насихаттау жүмыстары жолға қойылған. Заң аясында өнертабыстарды эрі қарай жандандырып, оларды бизнеске дендеп енгізгеніміз жөн. Отандық өнертабысты қолдау бүгінгі күннің ең өзекті мәселесінің бірі. Сондай-ақ, зияткерлік меншік жайлы кітаптарды өз кезегінде жедел насихаттауымыз керек-ақ.
Шыңында да, бұл жұмыстың негізгі мақсаты-аудан көлемінде зияткерлік меншік деңгейін көтеру, өнертапқыштарға деген қоғамның, құзырлы органдардың көңілін аудару. Себебі, өңіріміздің дамуы, техникалық, сондай-ақ, бәсекелестікке қабілетті өндірісті дамытуымыз тікелей зияткерлікке байланысты. Ал, бәсекелестік дегеніміз-жаңа технологияның жарысы. Егер өңімдерімізді басқа елдерге өткізіп жатсақ, солардың патенттерін аламыз. Өйткені, өзіміз ашқан жаңалықтың құқығын патентпен қорғамасақ, сырттағылар пайдаланып кетуі әбден мүмкін.
Зияткерлік меншік құқыгының сақталуы қоғамымыздың дамуына, еліміздің экономикасы мен мэдениетінің өркендеуіне, ғылым, өнер, шығармашылық салаларында тэртіптің сақталуына мүмкіндік береді. Адам өміріне, оның рухани тыныс-тіршілігіне зиян келтіретін тауарлардың кең таралуына тыйым салуға көмектеседі.
Бұл бағытта әділет басқармасы құқық қорғау органдарымен тексерулер де жүргізіліп түрады.
Жалпы, зияткерлік меншік саласында даулар, келіспеушіліктер, біреудің төл шығармасын басқа біреудің пайдаланып кетуі сияқты мәселелер жиі кездеседі. Бұл жерде заңды жете түсінбеушілік, өнертапқыштар мен басқа да жаңалықтарды өмірге әкелушілердің қажетті қүжаттарды уақытылы дайындамауы, салғырт-салақтыққа салынуы себеп болып жатады.
Ауданда және облысымызда тұтас Қазақстан Республикасында контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымы өзекті мәселесін, санитарлық техникалық талаптарға сай емес жасанды өнімдерді пайдалану салдарынан аймақ халқының денсаулығына және өмір сүруіне зиянын, өркениетті 30 дамыған елдер қатарына кіру стратегиялық мақсат алған еліміздің атақ абыройына аса зиянды кесірін ескере келе, зияткерлік меншік саласына аса мән берілуі қажет.
Қызылорда облысы
Әділет департаментінің
Арал аудандық
әділет басқармасының басшысы
З. Айтжанова