Национальный институт интеллектуальной собственности
Авторлық құқық тұтынушыларының назарына
Кенжебек Зере,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы комитеті
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы халықаралық мәдени және ғылыми-техникалық алмасудың толық құқықты қатысушысы ретінде Дүниежүзiлiк Зияткерлік Меншiк Ұйымының (ДЗМҰ) мүшесi бола отырып, қазақстандық, сондай-ақ шетелдiк құқық иелерiнiң де қабылданған әлемдiк стандарттарға жауап беретiн деңгейдегi зияткерлiк меншiк құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
Қазіргі кезде Қазақстанның имиджіне теріс әсерін тигізетін, Қазақстан Республикасы аумағында әлі де контрафактілік өнімдердің таралуы орын алатынын атап өту қажет.
Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктің құрылуы, сондай-ақ алдағы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ену елімізді зияткерлік меншік құқықтарын барабар қорғауын қамтамасыз етуге міндеттейді.
Осыған орай, «қарақшылықпен» күрес күрделі мәселеге айналып отыр.
Көп жағдайларда тұтынушылар бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензияның бар-жоқтығын білмеу нәтижесінде лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануда. Автордың рұқсатысыз ойын-сауық мекемелерде музыкалық туындыларды көпшілік алдында орындау, дыбыстау-бейнелеу туындыларды Интернет желісінде тарату, жалға (прокатқа) беру авторлық құқықты бұзу болып табылады.
Заңсыз бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, Сіз өзіңізді нәтижелі вирусты шабуылға, дербес компьютеріңіздегі ақпаратқа заңсыз кіруге, Интернетте жұмыс істеу кезінде жеке мәліметтеріңіздің ұрлануына және т.б. душар етесіз.
Контрафактілік дыбыстау-бейнелеу пайдалану, бейненің бұрмаланып көрсетілуі нәтижесінде көру қабілеттілігіне әсер етеді, кейде көру жүзеге асырылатын техниканың бұзылуына әкеп соғады. Бұдан басқа, соңғы кезде дәрі-дәрмектерді және азық-түлікті жасанды жасау жағдайлары жиі кездесуде, бұл біріншіден халық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану, авторлардың және құқық иеленушілердің тиесілі авторлық сыйақы алуына жол бермейді, яғни шығармашылық адамдарының жаңа авторлық құқық объектілерін жасауға ынтасы жоғалады.
Бұдан басқа, контрафактілік өнімдерді сату нәтижесінде сондай-ақ мемлекеттік бюджетке салық түріндегі табыс түспейді.
Осыған байланысты, туындыларға авторлардың құқықтарын, оның ішінде Әдеби және көркем туындыларын қорғау Берн конвенциясының 2-бабы мағынасында әдеби туынды ретінде қорғалатын бағдарламалық қамтамасыз етуді, сақтау қажеттілігіне назарларыңызды аударамыз.
Авторлардың және құқық иеленушілердің құқықтарын бұзған жағдайда, авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланған тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.