Национальный институт интеллектуальной собственности
2014 жылдың 24 сәуірінде Алматы қ.Халықаралық зияткерлік меншік күні қарсаңында Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бойынша (Әділет департаменті) бөлімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Ұлттық зияткерлік меншік институтының Алматы қ. филиалымен (ҰЗМИ филиалы) бірлесе отырып «Ашық есік күнін» өткізеді.
Аталған шараны өткізу барысында ҰЗМИ филиалының бөлімшелері мен Әділет департаменті бөлімінің басшылары зияткерлік меншік объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша баяндамалар оқиды және қызығушылық танытқан тұлғаларға қорғау құжаттарын алуға өтінімді ресімдеу және беру бойынша тәжірибелік көмек көрсетіп, консультация береді, сонымен қатар, алдағы«Антиконтрафакт» халықаралық форумы, «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық байқауы және «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнертапқышы» Республикалық байқауы туралы ақпарат беріледі.
Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды шақырамыз.
Басталуы сағат 10.00-де.
Өткізілетін орны:Алматы қ., Мүслімжәне Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалы.
Барлық сұрақтар бойынша8 (727) 397-72-76 телефоны арқылы Оқу орталығына хабарласуға болады.