Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері. Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, бағалау және пайдалану. «ҰЗМИ» РМК-да көрсетілетін электрондық қызметтер» тақырыбында оқыту семинары

08 декабря, 2015

2015 жылдың 21 желтоқсанында Алматы қ. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері. Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, бағалау және пайдалану. «ҰЗМИ» РМК-да көрсетілетін электрондық қызметтер»тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

Семинарға дәріс оқушы ретінде ҰЗМИ филиалының бас сарапшылары, «ҰЗМИ» РМК-ң Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстар басқармасының басшысы(Астана қ.), Алматы қ. Әділет департаментініңЗияткерлік меншігі құқықтары бойынша бөлімінің басшысы, Зияткерлік меншік құқығының магистрі (Турин/ ДЗМҰ академиясы), «Legalmax»халықаралық заң фирмасының серіктесі, «Интеллект Партнерс» ЖШС директоры қатысады.

Семинарда зияткерлік меншік саласындағы заңнаманың келесідей негізгі ережелері қарастырылады:

- Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер) мен ҚР заңнамалық актілері;

- «ҰЗМИ» РМК көрсететін электрондық қызметтер;

- Зияткерлік меншік объектілерін бағалау;

- Қазақстанда Республикасында туындыларды сақтауға берудің құқықтық аспектілері.

Семинар барысында ҰЗМИ филиалының сарапшылары өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау бойынша кеңес береді.

Семинарға қатысу тегін.

Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.

Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.

Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген адрес бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы, немесе kursy.kazpat@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады.

программа

заявка